Қазақтардың Америкадағы хикаясының жалғасы түсірілді

0 1

«Африкадағы қазақша бизнес». Жуырда осындай атаумен жаңа кинотуынды көрерменге жол тартады. Бұл осыған дейін жарық көрген қазақтардың Америкадағы хикаясының жалғасы болмақ. Бұл туралы «ZhambylNews» AA КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Рамазан Амантай, актер:  

— Қазақ киносының тынысын ашу үшін Африкаға барып түсірілмек кино ғой. Өйткені мұндай кино тіпті Қазақстан түгілі, көршілес мемлекеттерде жоқ екен. Сондықтан бұл қазақ киносының  тынысын ашу үшін түсірілмек.

«Бизнес по-казахски в Африке»  фильмі бұған дейін көрермен көңілінен шыққан «Бизнес по-казахски»  және «Бизнес по-казахски в Америке» атты сиквеллдің жалғасы болмақ. Соңғысы ел кинотеатрларындағы екі ай прокатта бұрын-соңды қазақ киносында  болмаған қаржы жинаған.

Сәбит Рахымбаев, сценарий авторы:  

— Америкадан соң көрерменді қызықтыру өте қиын. Сондықтан біз экзотиканы таңдадық. Сценарий бойынша, алдымен бас кейіпкер қалыңдығымен Дубайға келеді. Алайда кейін олар аяқ астынан Африкадан бір-ақ шығады. Ондағы оқиғалар туралы  бәрін ашып айтпаймын. Оны көрермен уақыты келгенде өзі көре алады.

Бұған дейін түсу  тобының ұйымдастырушылары Кенияға барып,  сол жақтың жергілікті студияларының бірімен келісім-шарт жасасып келген. Серіктес компания қара нәсілді актерлерді іріктеп, түсірілім алаңдарын таңдауға көмектеспек.

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:  

— Жалпы, Кенияда жануарларға өте басқаша қарайды. Жануарлармен  көп ойнауға, киноға түсіруге  көп тыйым салынған. Қорлауға болмайды деген сияқты. Біздегі кинода жануарлар болады,  бірақ олармен ойнап,  мазасын алмаймыз.  

Сонымен, актерлердің бір тобы Африкаға аттанды. Кино түсіруге қажетті құралдардың бәрін буып-түйіп алған олар қара құрлықта үш апта болмақ. Тағы бір апта Біріккен Араб Әмірліктерінде түсірілім өтеді.

Фильмді кинотеатрлардан соң алғашқы болып көрсету құқығы КТК арнасына тиесілі. Тұсаукесері жаңа жыл қарсаңына жоспарланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.