Тимур Сүлейменов: Теңге мұншалықты құлдырамауы керек еді

0 3

Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңгенің құлдырауына қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ұлттық валюта бұлай құлдырамауы керек болған,- деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

“-Теңгенің әлсіреуі анық байқалады. Біздің Ұлттық банктің макроэкономикалық моделіне сәйкес, баға мұндай болмауы керектігін, расымен көріп отырмыз”, — дейді министр.

Тимур Сүлейменов валюта нарығында ажиотаж болып жатқанын алға тартты.

«-Бұл жерде мәселе психологиялық тұрғыда болып отыр, саяси санкциялар мен оның нарыққа әсері болуы мүмкін екендігінде. Фундаменталды тұрғыда теңге біздің модель бойынша мұнша тұрмауы керек еді», — дейді ол.

Министр теңге бағамына соңғы жайттар әсер етіп жатқанын жоққа шығармады.

«-Біздің ойымызша, құлдырау деңгейі жыл соңына дейін біз қалаған дәлізден сәл жоғары болмақ. Яғни, сегіз айдың қорытындысы бойынша бізде бес-жеті пайыз — дәл алты пайыз», — дейді Сүлейменов.

Министр еліміз валюталық дәліздің ортасына жеткенін алға тартып, билік бұл жылды шамамен алты пайыздық құлдыраумен ғана аяқтаудан үмітті болғанын сөз етті.

«Алайда теңге әлсіреп жатқандықтан, 6,7-6,8 пайыз болып қалуы мүмкін, десе де дәлізге 5,6 пайыздық көрсеткішпен шыға қоймаймыз», — дейді министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.