Байзақ аудан кәсіпорындары 2100 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасының «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте Байзақ ауданының әкімі Рахматілдә Рахманбердиев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Рахматілдә Сегізбайұлының айтуынша, үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында Мырзатай ауылдық округінде «Әулие-Ата Феникс» ЖШС-ның жалпы құны — 126,2 млн теңге тұратын сою цехының қалдықтарын тереңдетіп ет, сүйек ұнына өңдейтін құрылғы сатып алып орнату инновациялық жобасы іске асырылуда.
Сондай-ақ, осы кәсіпорында жалпы құны — 1 035,0 млн теңгені құрайтын құс етін өндіруге арналған 2 жоба іске асырылуда. Фабриканың өндірістік қуатын 8 000 тоннаға дейін арттыру мақсатында 6 құс өсіру нысандарын іске қосу жобасы бойынша құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр.
Ал Жаңатұрмыс ауылдық округінде жеке кәсіпкер «Жабатаева Л.» жалпы құны — 430,0 млн. теңге көкөніс консервілеу цехы мен сыйымдылығы 2-3 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы құрылысының жобасын дайындалып картаға енгізіліп, 3,0 га жер телімі 5 жыл мерзімге жалға берілді.
Сонымен қатар, Суханбаев ауылдық округінде «Асыл Бақ» АТК жалпы құны — 719,0 млн. теңге 50 га қарқынды алма бақ орналастыру жобасын іске асырылып, қазіргі таңда 563 млн. теңге қаражат игерілген.
Көктал ауылдық округінде «Алель Агро» АҚ жалпы құны — 11 783,722 млн. теңге қуаттылығы жылына 20 000 тонна құс етін өндіретін бройлер құс фабрикасы құрылысының жобасы іске асыруда. Кәсіп орнынан1 178,372 млн. теңгені игеру жоспарлануда. Дәл осындай, Ботамойнақ ауылдық округінде де «Витафрукт – Тараз» кооперативінің жоба құны 750 млн.теңгені құрап отыр. 50 гектар жер аумағына алма бағын орналастырып, 2019 жылы іске асады деп күтілуде.
Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу мақсатында өңірдегі бюджеттік мекемелер сондай-ақ, 122 көшедегі 2162 шамдар энергия үнемдегіш шамдармен ауыстырылған.
Тағы айта кетерлігі, «Жалғызтөбе Солар» ЖШС жалпы құны — 6,0 млн. АҚШ доллары, қуаттылығы 4,95 МВт, күн фотоэлектлік электр станциясы құрылысының жобасын дайындалып, жобаны қаржыландыру инвестор мен «Европалық Даму банкі» тараптарынан жоспарлануда.
Ауданда тұрмыстық қатты қалдықтары жинақтап, утилизациялайтын «Алди және К» ЖШС-і жұмыс жасайды. Өңірге қарасты 43 елді мекен және Тараз қаласынан шығарылған қалдықтар полигонға жеткізіліп, қағаз, шыны және полиэтиленді қалдықтарға бөлек сұрыптау жұмыстары жүргізіледі. Мұнда қолданыста болған құрамында сынап бар үнемдегіш шамдарды жоятын аппарат бар. Бүгінгі таңда ауданда осы шамдарды жинау үшін 21 дана контейнер орнатылған. Аталған кәсіпорын 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Экологияға қосқан үлесі үшін республикалық «Парыз» конкурсының жүлдегері атанған.