Қостанай облысында 2°С дейін аяз түседі — Қазгидромет

0 2

Қазгидромет 12-13 қыркүйекке аналған ауа райы болжамын жариялады. Бүгін еліміздегі өңірлердің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.

Синоптиктердің болжамынша, 11–12 қыркүйекте шығыста, 11–13 қыркүйекте Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жауады, солтүстік пен шығыста бұршақ пен дауылды жел болуы мүмкін. Период соңында Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы Жоңғар циклонының ықпалында болып, жаңбырмен қатар аталған өңірлерде ауа температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта – тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Ал Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту жарияланды.

Өрт қаупі Жетісу, Алматы, Шымкент, Маңғыстау, Қостанай, Түркістан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, БҚО, Атырау, Қарағанды, Ұлытау және Ақмола облыстарын қоса алғанда, көптеген өңірлерде сақталады.

ТЖМ мәліметі бойынша, түнде және таңертең елдің солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде тұман түссе, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте және батыста найзағай, жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады. Екпіні 23 м/с дейін қатты жел соғады.

Қостанай облысында 2°С дейін аяз күтіледі.

Алдағы күндері республиканың оңтүстік өңірлерінен басқа аумақтарында күзгі, салқын әрі жаңбырлы ауа райы күтіледі. Бұған солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер себеп болады.

Көптеген өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +15…+25°С;

Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, жердің беткі қабатында -2°С үсік, күндіз +8…+20°С;

Солтүстікте түнде +1…+7°С, жердің беткі қабатында -2°С үсік, күндіз +8…+16°С;

Орталықта түнде +1…+10°С, топырақ бетінде -2°С үсік, күндіз +10…+20°С;

Шығыста түнде +1…+11°С, күндіз +15…+23°С дейін жылынады;

Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз температура +23…+33°С-тен +25…+35°С аралығында ауытқиды;

Оңтүстік-шығыста түнде +12…+17°С, таулы аудандарда +2…+7°С, күндіз +24…+32°С; таулы аудандарда түнде 0…+5°С, күндіз +8…+15°С.

Leave A Reply

Your email address will not be published.