Жамбылдықтар көрнекті жазушы Шерхан Мұртазамен қоштасуда

0 5

Бүгін Тараз қаласындағы Жеңіс саябағында қазақтың перзенті, халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның рухына гүл қою рәсімі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қоштасуға келген дүйім жұртшылық еріксіз көзге жас алып, жазушының рухына  тағзым етті.

Фото: Ақаділ Рысмахан

Қазақтың біртуар азаматы өмір жолын «Лениншіл Жас», «Социалистік Қазақстан» сынды газеттердің тілшісі болып бастап, тап осы газеттердің редакторлық қызметіне дейін тағайындалған. Тәуелсіздік жылдары халық қалаулысы ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты да болып қызмет атқарған.

Қаралы митингке келген облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сансызбай Жорабеков ел азаматының игі істерін еске алып, шер тарқатты.

Жазушының дүниеден өтуі барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырғаны рас. «Жақсының аты өлмейді» демекші, Шерхан Мұртазаның есімі мәңгі ел есінде. Өшпес мұрасы халықтың жүрегінде қала бермек…

Leave A Reply

Your email address will not be published.