Таразда «NEO-FOLKLORE» халықаралық байқауы өтті

0 1

Тараз қаласындағы «Арай Плаза» бизнес-орталығында мансап жолын жаңадан бастаған дизайнерлерге арналған «NEO-FOLKLORE» халықаралық байқауы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байқау  «Aspara fashion week» сән апталығы аясында өтуде. Бұл шарада 8 елден келген жас таланттар өз коллекциясын ұсынды.

Фото: «ZhambylNews» AA

Шарада әрбір қатысушы күнделікті ансамбль, коктейльдік киім және жаңа маусымның кешкі киімі, «Көктем-Жаз 2019» коллекциясын көрсетті.

коллекция Польша

Сондай-ақ, үздік коллекция «Aspara fashion week» сән апталығының ақтық кешінде көрсетіледі. Қазылар алқасы сән, сұлулық және өнер саласында әлемнің 10 сарапшысынан тұрады.

коллекция Бурятия
коллекция Иркутск

Айта кетейік, бұл сән апталығы талантты жастарды қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, қатысушылардың жігерін шыңдап, Қазақстанның сән индустриясының кәсіби ортасына іліктіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ, бүгін кешкісін сән апталығындағы ең үздік киім үлгісін қазылар алқасы жабылу салтанатында хабарлайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.