Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 285497,6 млн. теңгенің өнімдерін өндірді

0 15

Жамбыл облысының ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын, қосалқы және үй шаруа-шылығы секторын қоса алғанда) 285497,6 млн. теңгенің өнімдерін өндірді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,1%-ды құрады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Өндіріс көлемі облыстың он ауданында және Тараз қаласында өсті.

Нақтырақ айтар болсақ, Таразда 171442,5 млн. теңгенің өнімдерін өндірді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,6%-ға жетті. Ал кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында өнім өндірісінің 11,3%-ға өсуі байқалды. Кен өндіру өнеркәсібінің басқа салаларында өндіру көлемі өсті.

Өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,4%. Металлургия, женіл және химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі жоғарылады. Сондай-ақ, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау өнімдерінің өнеркәсіптік өндірістің индексі 89,7%-ды көрсетіп отыр. Сонымен бірге, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында өнеркәсіптік өндірістің индексі 103,1%-ды құрады.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысы, өндіріс көлемі облыстың он ауданында және Тараз қаласында өсті. Тараз қаласында 83051,5 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, өнеркәсіптік өндірістің индексі 110,5%-ды құрады.

Сондай-ақ, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында өнім өндірісінің 17,6%-ға өсуі байқалды. Осыған сәйкес, кен өндіру өнеркәсібінің басқа салаларында өндіру көлемі өсті.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндірістің индексі 118,2%-ды құрап, тамақ және химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі жоғарылады.

Тағы айта кетерлігі, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау өнімдерінің өнеркәсіптік өндірістің индексі 104,3%-ды қөрсетіп, электр энергиясын өндіру жұмысы жоғарылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.