Тараз қаласында үкіметтік емес ұйымдардың пленаралық отырысы өтті

0 14

Тараз қаласындағы «ARAI PLAZA» бизнес орталығында үкіметтік емес ұйымдардың VIII форумының пленаралық отырысы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпарат Агенттігінің тілшісі.

Форумға облыстағы азаматтық, мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс маслихаттарының депутаттары, аудандардан келген делегаттар, саяси партиялар, жастар белсенділері, БАҚ өкілдері, сондай-ақ, Астана, Өскемен, Шымкент қалаларынан келген делегаттар қатысты.

Дәстүрлі форум  үкіметтік емес ұйымдардың қарым-қатнасын одан әрі дамыту мәселесі бойынша тұрақты сұхбат алаңы болып табылады. Бұл өңірде қоғамдық саяси маңызы бар сонымен қатар, қоғамдық өкілдер үшін ерекше оқиға.

Жиында Қазақстанның азаматтық альянсының вице-президенті Мұсағали Дуамбеков, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқару төрағасы Нұрлан Өтешев, ҚР Қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Гүлбара Сұлтанова, Жамбыл облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мейрамбек Төлепберген баяндама жасады.

— Соңғы 10 жылда ҮЕҰ желісі 22 мыңға дейін 3 есе өсті. Оның 14 мыңы жұмыс жасап, мемелекеттік әлеуметтік тапсырыс санын арттыруда. Мемлекеттік әлеуметтік емес сала көлемі соңғы 10 жылда 13 есе өсіп, жобалау портфелі барлық салада іске асырылған 15 мыңға жуық әлеуметтік жобаны құрады, — дейді Гүлбара Сұлтанова.

Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап ҮЕҰ-дарға қаржылай көмек көрсетілетін болған. Яғни оларға арнайы гранттар бөлінеді. Бұл Орта Азияда алғаш болып Қазақстанда қолға алынып отыр. Ағымдағы жылы 93 грант бөлініп, оның 13-ін Жамбыл облысы иеленген.

Бүгінде үкіметтік емес ұйымдарды бағдарламаларды әзірлеп, іске асыруға, әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізуге кеңінен тарту мемлекеттік органдардың күнделікті тәжірибесіне айналған.

Форум соңында өңірдегі азаматтық қоғамның дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, Әулиеатада 700-ден астам коммерциялық емес ұйым тіркелген. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында Қазақстанның азаматтық альянсының вице-президенті Мұсағали Дуамбеков, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқару төрағасы Нұрлан Өтешев, ҚР Қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Гүлбара Сұлтанованың қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.