Жыл сайын, қарашаның үшінші бейсенбісінде темекі шегуден бас тарту күні атап өтіледі. Осыған орай, Жамбыл облыстық балалар ауруханасында дүниежүзілік темекісіз күн акциясы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Бұндай шараны 1977 жылы Американдық Cancer Society онкологиялық қоғамдастығы қолға алған. Әлемде өкпенің қатерлі ісігінен қайтыс болғандар 90% — ды, 75% — созылмалы бронхиттен және 25% — шылым шегуден туындаған жүректің ишемиялық ауруларына шалдықса, әрбір он секунд сайын жер шарында бір темекі шегуші көз жұмуда.
Облыста салауатты өмір салтын ұстануға арналған 10 күндік акция жарияланды.
Шарада кез келген шылым шегетін қала тұрғынына кеңестер беріліп, дәрігерлер бұл әдеттен арылу жолдарын айтып берді.
Сондай–ақ, емделуші балалар арасында «Біз жарқын болашақты таңдаймыз!» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қатысқан әрбір балаға естелік сыйлықтар табысталды.
— Мұндай акция жыл сайын өткізіледі. Біз балаларды емдейтін болғандықтан, өсіп келе жатқан буынға алдын алу үшін ескертуіміз міндет және орынды деп есептеймін. Қазірден саналарына сіңіре білсек, болашақта денсаулығына зиянды әрекеттерге бармайды деген сенімдемін, — дейді аталған мекеменің дәрігер эпидемиологы Альмира Әбділдә.