Жамбылда екі күнде 900-ге жуық адам жол ережесін бұзған

0 7

Бұл жөнінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» Ақпараттық Агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«14-16 қараша күндері аралығында Жамбыл облысы аумағында Полиция департаменті Жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы өткізілді. ЖПШ кезіндегі екі күннің ішінде жол қозғалысы ережесінің 871 әкімшілік бұзылуы анықталды», — деп жазылған хабарламада.

Мәліметке сәйкес, жол ережесін бұзудың көп бөлігі жылдамдықты асырумен байланысты болып отыр. Аталған факті бойынша 156 оқиға тіркелген. Сол сияқты, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланған 71 жүргізуші ұсталған.

«Қауіпсіздік белдігіне қатысты 100 адам тіркелсе, маневрлеу ережесін 24 жүргізуші бұзған. Ал, тағы 18 көлік иесі автомашиналарын уақытылы техникалық тексеруден өткізбеген. Жол қозғалысын бақылау кезінде, 9 жүргізуші бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда жүріп кеткен, 5 жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермеген, 12 жүргізуші мас күйде көлік басқарған. Сонымен қатар, 91 жаяу жүргінші де жол қозғалысы ережесін бұзған. ЖПШ кезінде 8 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды», — деп мәлімдеді Полиция департаментінің қызметкерлері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.