Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің арасындағы Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы «Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады