Мәнерлеп сырғанаудан жаңа жұп халықаралық турнирде Қазақстанның намысын қорғайды

0 1

Жансая Адыханова – Әбіш Байқанов жұбы Эстония астанасында өтетін Tallin Trophy-2018 жарысында Қазақстанның намысын қорғайды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушы жұбы халықаралық турнирде алғаш рет өнер көрсетеді.

Жансая Адыханова мен Әбіш Байқанов Эстонияда 26 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтетін Tallin Trophy-2018 жарысында еліміздің намысын қорғайды.

Бас бапкер Құралай Ұзырова айтып өткендей, мәнерлеп сырғанаушы Жансая Адыханова былтыр қысқы Универсиадада жеке разрядта қатысқан.

«Уақыт өте келе Жансая мен Әбішті жұп қылуға шешім қабылдадық. Жансаяның өзі ниет білдіргеніне қуанамыз. Олардың болашағы бар», — дейді Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы.

Таллинде Қазақстан атынан бірнеше спортшы қатысады. Әйелдер арасында 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Айза Имамбек бақ сынаса, ал ерлер арасынан Артур Панихин мен Никита Манько бәйгеге түседі. Барлық мәнерлеп сырғанаушы жаңа бағдарламамен өнер көрсетпек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.