23 қарашаға арналған ауа райы болжамы

0 12

Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды болады, ал солтүстікте қар жауады. Кей жерде екпінді жел соғып, көктайғақ болады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» Ақпарат Агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Павлодар облысында желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, кей жерде көктайғақ болуы ықтимал.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі. Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын жел соғып, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.

Алматы мен Атырау облыстарының кей жерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Ақтөбе облысының кей жерінде күндіз бұрқасын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.