Сарысу ауданында Асанəлі Əшімов жүлдесі сарапқа салынуда

0 6

Сарысу ауданы Жайылма ауылында КСРО халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы шахматтан VІI-ші Республикалық турнирінің ашылу салтанаты өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Турнирде аудан əкімі Балабек Нарбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сəттілік тіледі.

Сондай-ақ, осы ауданның тумасы Болат Мəдікенов, «Асанəлі Əшімов шығармашылығын қолдау жəне насихаттау қоры» қоғамдық қорының президенті Талғат Сұлтангерейұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға Асанəлі ағамыздың атынан сыйлықтар тарту етті.

Жарысқа қатысушылар тізімі:
1. Қырғыстан Республикасы

2. Ақтөбе қаласы

3. Алматы қаласы

4. Шымкент қаласы

5. Тараз қаласы

6. Қордай ауданы

7. Шу ауданы

8. Меркі ауданы

9. Тұрар Рысқұлов ауданы

10. Сарысу ауданы

Айта кетейік, жарыс екі күнге созылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.