«7-20-25» бағдарламасын өңірде жүзеге асыру жөнінде кездесу өтті

0 0

Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын өңірде жүзеге асыру туралы қаланың кәсіпорындары мен еңбек коллективтерімен «Баспана ипотекалық ұйымы» АҚ Оңтүстік өңірі бойынша өкілімен кездесу өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» Ақпарат Агенттігі.

Кездесуді ҚР Ұлттық банкі Жамбыл филиалының директоры Евгений Шарыгин ашып, екінші деңгейлі банктер арқылы рәсімдеу жолдары туралы түсінік беріп өтті. «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ Оңтүстік өңірі бойынша өкілі Қабылбек Маликов акционерлік қоғам қызметінің негізгі мақсаты «7-20-25 бағдарламасын нәтижелі жүзеге асыру болып табылатынын жеткізді. Қоғам әрбір отбасына тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктерін пайдалана отырып ипотекалық қарыз беру, тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттыру бағдарламаларын (оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды) әзірлеуге, іске асыруға және қаржыландыруға қатысатындығын жеткізді. Кездесу барысында тұрғындар аталған бағдарлама бойынша, олардың тетіктері мен тиімділіг туралы сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.