Шалғай жатқан Шоқпар ауылында медпункт ашылды

0 9

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданына қарасты Шоқпар ауылында заманауи құрылғылармен жабдықталған медпункт пайдалануға берілді. Мекемеде балалар бөлмесі, қабылдау бөлімі, науқастың диагнозын анықтау үшін арнайы сараптама жасаушы аппараттар мен құрылғылар орнатылған арнайы бөлмелер де қарастырылған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ал,  шалғайдағы Шоқпар ауылында лентасы қиылған медициналық мекеме заманауи құрылғылармен  жабдықталған. Мұнда 5 адамға арналған күндізгі ем қабылдау бөлмесімен қатар, аға дәрігерге, балаларға арналған арнайы бөлмелер мен зертхана және химидатор бөлмелері қатар орналасқан.

Айгүл Мұратбекова-Шоқпар ауылының тумасы. Мектепті бітірген соң медицина саласында білім алды. Еңбек жолын тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданынан бастады. Қазір жаңадан ашылған нысанда зертханашы болып жұмысын жалғастырмақшы.

— Осы амбулаторияда 20 шақты қызметкер еңбек етеміз. 5 күндізгі ем қабылдау бөлмесі бар.  Барлық жағдай жасалған. Сараптама жасайтын арнайы аппараттар қойылған. Бұл ауыл халқы үшін үлкен көмек болды, — дейді зертхана қызметкері Айгүл Мұратбекова. 

Жамбыл облысында ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында ашылған 32 медициналық нысанның 29-і мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынған. Оның  барлығы аудандардағы елді-мекендерге тиесілі. 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториялар Байзақ ауданындағы Ынтымақ, Жамбыл ауданындағы Бектөбе, Бесағаш, Гродекова, Пригородное, Ақбұлым, Түрксіб, Жуалы ауданындағы Шақпақата, Меркі ауданындағы «Мыхан», Сарысу ауданындағы Игілік, Шу ауданындағы Шоқпар ауылдарында пайдалануға берілді. Ал, ауысымына 10  келушіге арналған 7 фельдшерлік-акушерлік пункт Байзақ ауданындағы Аймантөбе, Жамбыл ауданындағы Ерназар,  Меркі ауданындағы Екпінді, Мойынқұм ауданындағы Ұланбел, Көкжелек, Сарысу ауданындағы  Ұйым, Т.Рысқұлов ауданындағы  Қарақат, Шу ауданындағы  Тасөткел ауылдарында орналасқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.