Игілік ауылының тұрғындары мереке қарсаңында қуанышқа кенелді

0 6

Сарысу ауданына қарасты Игілік ауылының тұрғындары мереке қарсаңында үлкен қуанышқа кенелді. Ауылда 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға тапсырылды. Енді елді-мекен тұрғындары шипа іздеп орталыққа сабылмай, осы мекемеде  емделеді, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Сарысу ауданының Игілік ауылынан бейімділігі 15 адамға арналған дәрігерлік амбулатория  ашылды. Жаңадан ашылған дәрігерлік амбулаторияда медициналық 10 қызметкер және 14 жұмысшы еңбек етеді.Мемлекеттік жекеменшік серіктестік бойынша соғылған медициналық нысанның жалпы сомасы 42 млн 297 мың теңге.Құрылыс жұмысытарын басынан аяқ жүргізген Жаңатас қаласындағы «Алтын Орда 2006» ЖШС басшысы Жанбаев Дәулеталдыға ауыл тұрғындары дән риза.

— Мен осы ауылдың медицина саласының ардагерімін. 2010 жылы кезекті еңбек демалысына шықтым. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы адам капиталын жақсарту бойынша берген тапсырмаларының нәтижесін көріп отырмыз. Тұңғыш Президент күні қарсаңында ашылып, дәрігерлік амбулаторияның іске қосылғанына ауыл ағайындары дән риза, — деп жүрекжарды лебізін білдірді  медицина саласының ардагері Зауалмахан Абзалбеков.

Наташа Қалымбетова Сарысу ауданы Игілік ауылының тұрғыны. Жастайынан бейнетке араласқан Ол қазір еңбегінің зейнетін көріп отыр. Тоғыз баланы өмірге әкелген ана әулеттің ұйытқысы. Дегенмен қарттық келген соң бас аурып, балтыр сыздамай тұрмайды.Мына емхана әсіресе қарттарға жақсы болды, — дейді ардақты ана.

— Мен өзім Алтын алқалы анамын. Әрине менің балаларымнан бөлек мұнда 1500-нан астам халық бар. Елбасына мың алғыс Игілік ауылынан мынандай бір мезетте он бес адамды қабылдап емдейтін амбулатрия салынуына бас болғанына.

Нысанның ашылу рәсіміне аудан әкімі Балабек Нарбаев қатысып тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.