Сарысу ауданының әкімі өмірге сәби әкелген ананы құттықтады

0 9

Сарысу ауданының әкімі Балабек Нарбаев ҚР Тұңғыш Президенті күні өмірге сәби әкелген Жұлдыз Сәтиеваны құттықтады, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мерейлі мерекені Сарысулықтар ерекше атап өтуде. Алдымен аудан басшысы бастаған мемлекеттік қызметкерлер мен бірқатар азаматтар орталық мешіт алдындағы «Ынтымақ» аллеясына  30 түп шырша екті.

Одан соң аудан әкімі Балабек Нарбаев пен мәслихат хатшысы Сағымбек  Бегеев еліміз үшін ерекше мерекеде өмірге үшінші сәбиін әкелген Жайылма ауылының тұрғыны Жұлдыз Сәтиеваны құттықтады. Тура Тұңғыш Президент күні мерекесінде жарық дүние есігін ашқан нәрестеге «Жансері» деген есім қойылды. Аудан әкімі Балабек Жәнібекұлы Жансерінің анасын құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.