«MART» сауда ойын-сауық орталығы наурызда ашылады

0 93

Тараз қаласындағы жалпы аумағы 74 мың шаршы метрді құрайтын «MART» сауда ойын-сауық орталығының құрылысы толық аяқталып, наурыз айында іске қосылуы жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов халық алдындағы қорытынды есеп жиынында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«MART» заманауи сауда ойын-сауық кешені Төле би және Байзақ батыр көшелерінің қиылысында, бұрынғы «Керуен» базарының орнында орналасқан. Бес қабаттан тұратын, сәулеті мен сәні көз жауын алатын болашақ кешен тараздықтар үшін қуантарлық жаңалық  болмақ.

Заман ағымына сай мұз айдыны мен қазіргі заманғы алты кинотеатры, басқа да ойын-сауық орындары, жер асты автотұрағы бар кешеннің мердігері «Vivat-Taraz» ЖШС-і.

Leave A Reply

Your email address will not be published.