Өңірде алдағы екі жылда үдемелі бақтар 1000 гектарға жетеді. Бұл туралы қазіргі уақытта жатқан есепті жиында аймақ басшысы Асқар Мырзаxметов айтты, — деп xабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Өңір басшысы атап көрсеткедей, ауыл шаруашылығы өнімінің өсуі бойынша республикада алғашқы үштікке ендік.
Саладағы мәселелерді жүйелі шешу үшін бұл салада да арнайы Карта жасалды.
Бірінші кезекте, егістік алқабын көбейту қаралып отыр.Есепті кезеңде егістік38 мың га артып, 668 мың гектарға жетті және оның электрондық дерекқоры жасалды.
Картада сұранысы жоғары өнімдерге және озық технологияларға ерекше мән берілді.
«Айталық, үдемелі бақтар30 пайызға артып, 625 гектарға жеткізілді. Алдағы екі жылда 1000 гектарға көбейткелі отырмыз. Яғни, жылына өсім — 500 гектардан. Су үнемдеу технологиялары 21 пайызға көбейтілді. Суармалы жерлерді көбейту үшін арнайымеханикалық отряд құрылды. Облыстық бюджеттен 46 қажет техника сатып алынды»,- деді облыс әкімі.
Кеңес дәуірінде суармалы жердің алқабы 210 мың га болғаны белгілі.
Бүгінде 96 мың гектары ғана қолданыста. Жоспар- игерілмей отырған 115 мың гектарды қолданысқа енгізу.Өткен жылы Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм аудандарында1400 гектар қалпына келтірілді. Биылға жоспар — 20-25 мың гектар.
Жалпы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдаланудың межелері бекітілді. Оның ішінде жайылымдар, қоғамдық малдарға қатысты жайылымдар да қаралған. Бұл мәселелер қосымша ауыл әкімдеріне де жүктеліп отыр.