Шаш жылдам өсу үшін қандай күтім қажет?

0 1

Шашыңызды қысқартып қиып тастадыңыз, бірақ біраз уақыт өткен соң қайтадан бұрынғы шаш ұзындығына оралғыңыз келеді. Ендеше, шаш жылдам әрі дұрыс өсуі үшін қандай әрекеттерді әдетке айналдыру керек?

Бас терісіне мән беру. Бас терісіне күтім жасау және массаж жасау арқылы шаштың жылдам өсуіне ықпал етесіз. Бас терісіне арналған үйден маскалар дайындаңыз немесе бас терісін тазартатын арнайы салондық процедуралар да бар. Егер бас терісі құрғақ болса, құрамында майлары бар құралдар қолданыңыз. Ал егер бас терісі майлы болса, тазартушы құралдарды немесе скрабтарды пайдаланыңыз.

Жібек жастыққап алу. Жастықтың тысы жібек матадан тігілсе, шашыңыз сирек сынатын болады.

Күннен қорғау. Ыстық күні қалпақ киіп жүруге тырысыңыз. Сонымен қатар, күннен қорғайтын әсері бар шашқа арналған құралдар қолданыңыз.

Шаш үлгісіне арналған құралдарды қатты қыздырмау. Құралды қатты қыздырмасаңыз да шаш үлгісі әдемі болып шығады. Сондықтан 180-200 градустан асырмаған жөн. Өте жоғары температуралармен тек кәсіби мамандар ғана дұрыс жұмыс істей алады.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.