Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Карьера және педагогикалық зерттеулер орталығының» ұйымдастыруымен «Жас маман-2020» атты түлектер жәрмеңкесі онлайн форматта өтті. Аталмыш іс-шараға Жамбыл облысы мен Тараз қаласының жұмыс берушілері қатысты,-деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Онлайн форматта өткен жәрмеңкеде Жамбыл облысы білім басқармасының басшының орынбасары Бекбатырова Жәмилә Елеуқызы сөз алып бүгінгі таңда аймақтағы мұғалім жетіспеушілік жағдайы бар екенін мәлімдеді. Бұл жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін мектеп директорларын «Ұстаз» университетімен жақсы қарым-қатынас орнатып, бірге жұмыс істеу қажет екендігін баса айтты.
Қазіргі ерекше жағдайда түлекпен бетпе бет кездесіп, сұхбаттасып, оны жұмысқа қабылдау мүмкіндігі аз болып отырғанда электронды еңбек биржаларының рөлі мен орынын атап өтті. Жәмилә Елеуқызы биылғы жылы түлектер біліктілік тесттін тапсыру арқылы бірден модератор санатын иелене алатынын айтып, осы жаңалықты биылғы жылғы бітіруші түлектерге жеткізуімізді өтінді. Шын мәнінде де, бұл жаңалық жас маман үшін аса маңызды. Өзінің жоғары біліктілік деңгейін көрсете алған жас маманның өз санатын бірден көтеріп алу, сәйкесінше жалақысына үстеме қосуына мүмкіндік туып отыр.
Университетіміздегі түлектерді жұмыспен қамту мәселесімен айналысатын «Карьера және педагогикалық зерттеулер орталығы» өз кезегінде Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің төл туындысы «электронды порталдағы» жұмыс берушінің вакансияларды жариялай алатын тетіктерімен таныстырды. Онда жаңа оқу жылының бос орындарын ғана емес, сонымен бірге, жыл ішіндегі табан асты бос болып қалған орындарды жариялай алатын мүмкіндіктерін де көрсетті. Бір кереметі, оқу жылы ішінде түрлі жағдайларға байланысты аяқ асты босаған орындар соңғы үш жылда бітірген университет түлектерінің электронды пошталарына хабарландыру ретінде барады. Сонымен қатар, порталда әрбір жұмыс беруші практикаға сұраныс беру арқылы өз мектебінің кадрлық резервін қалыптастыра алады және дипломдық жобаларға тақырып беру арқылы сол жобаға қосалқы жетекші болып өз мектебін эксперименталды алаң ете алу мүмкіндігі бар.
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз мектептерінен көргісі келетін жас мамандардың қатарын айтып, сұраныстарын қанағаттандыруды өтінді. Айта кетсек, бүгінгі күні аймақта орыс тілі, математика, физика, химия пәндерін орыс тілінде беретін мамандар аса қажет. Мектептердің басым көпшілігі екі тілді болғандықтан, сонымен бірге, жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде беретін мамандарға сұраныс артып тұр.
Қазіргі таңда барлық мектеп директорлармен бірге WhatsApp желісінде ортақ чат ашылған онда түлектер мен жұмыс берушілерді байланыстыратын барлық мүмкіндіктер қарастырылады, сонымен қатар, ақпараттар алмасатын орта ретінде жұмыс істейді деп жоспарлануда.
Айта кетсек, биыл ұстаз университетін 1002 түлек бітіреді. Олардың 221 мемлекеттік грант иегерлері.