«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласында жаппай ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласында жаппай ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
Айталық, сенбі күні Әулиеата ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала» шағынауданында 5 мың түп ағаш отырғызылды. Шараға аудан әкімі Барлық Төреханов белсене атсалысып, тұрғындарды қаланы көркейтуге үлес қосуға шақырды.
Сондай-ақ акция шеңберінде Жібек жолы ауданына қарасты «Барысхан» алқабында 2 мың түп ағаш көшеті егілді. Шараға қала және аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, «Жасыл Ел-Тараз» мекемесі, «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері, ерікті жастар мен жергілікті тұрғындар белсене қатысты.
Сонымен қатар акция барысында тұрғындарға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы түсіндіріліп, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартып, жасыл аймақтардың көлемін ұлғайтуға және таза, жайлы қала қалыптастыруға бағытталған.