Әкімдік Смақовтың «Тараз» ФК директоры қызметіне тағайындалуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Самат Смақовтың «Тараз» футбол клубының директоры қызметіне жоспарлы түрде тағайындалуы туралы хабарлама тараған болатын.
Жамбыл облысының әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Самат Смақов «Тараз» футбол клубының басшылығына үміткер ретінде қарастырылмайды.