2020 жылы 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Жастар» аллеясындағы «Сахна» алаңшасынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін «Елтаңбам – елдігім, көк туым – теңдігім!» атты патриоттық акция аясында авто-мото-велошеру ұйымдастырылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Сондай-ақ, «Қасиетті көк байрағы елімнің!» атты акциясы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне Мемлекеттік Ту ілінді.
Айта кетейік, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеу — парыз.