Қазақстанда 9 шілдеге дейін ауа райының қандай болатыны туралы Қазгидромет синоптиктері хабарлады.
-Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен өткінші жаңбыр өтеді, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, шығыста кезең басында кей жерлерде қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Сонымен қатар, кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен желдің күшеюі болжанады. Республика бойынша ауаның температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды, ал батыста және оңтүстік өңірлерде қатты ыстық күтіледі, — делінген хабарламада.