Қазіргі таңда әлеуметтік желіні пайдаланбайтын жандар кемде-кем. Кей адамдар саналы түрде бас тартқанмен, түбі қажет болып жатады. Енді бір жандар сағат сайын бұл «әлемге» бас сұқпаса жүре алмайды.
Әлеуметтік желілер бүгінде танымалдылықты бағамдаудың бір түріне айналып та үлгерді. Кімнің ресми парақшасында тіркелушілер саны көп болса, демек танымал жандар қатарында. Осы арқылы қыруар қаржыға кенеліп, кәсібін дөңгелетіп жатқандар да жетерлік.
Әлеуметтік желінің де өзіндік тәртібі мен ережелері бар. Оны да естен шығармау керек. Ал жариялаған жазбаң жеке пікірің, көзқарасың мен ұстанымыңды айқындай түседі. Сондай-ақ мұнда нені жариялау, нені жарияламау керек екенін ескерген де абзал.