Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

0 12

Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 8 шілдедегі №225ж/қ өкімімен Сәдубаев Алмас Қадырбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Алмас Сәдубаев 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы университеттін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақстан-Тараз» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған.

2005-2008 жылдары жаңалықтар бөлімінің редакторы, «Қазақстан ұлттық телеарнасы» АҚ PR-директоры болған.

2008-2010 жылдары республикалық басылым «Заң» газеті және журналының бас редакторы қызметін атқарған.

2010 жылы — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының баспасөз хатшысы болған.

2010-2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сарапшысы қызметінде болған.

2011-2015 жылдары «ҚР ІІБ Медиа орталығының» бас директоры болып, 2015 жылғы ақпаннан бастап осы уақытқа дейін ішкі істер министрінің баспасөз-хатшысы, Қазақстан Республикасы ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарып келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.