Жамбыл облысында 1866 адамнан короновирус анықталды

0 4

Жамбыл облысында 1866 адамнан короновирус анықталды. Оның 865-і симптоммен ал, 1100 симптомсыз. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифингте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Қабылданған шараларға қарамастан  елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру саны күннен-күнге өсіп бара жатыр.  Себебі, қала тұрғындарына ескертулер жасалып жатса да  көшеде, саябақтарда бетперде тақпай жүрген адам көп. Соның салдарынан кешегі күннің өзінде 77 науқас тіркелген. Тарқата айтсақ, оның 305-і зейнеткерлер, 475-і жұмыссыздар, 68-і жүкті әйелдер болса, 100-ге жуығы балалар. Сонымен қатар, 598 адам емделіп шықса, 3 адам қайтыс болған.

Қазіргі таңда екі жақты өкпе ауруының көбейуіне байланысты ауруханаларда 896 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 732 науқас белгіленген ауруханаларда ем алуда және науқастарға дер кезінде көмек көрсету үшін 1855 төсек қоры жасақталған. Бұған 1146 медициналық қызметкер тартылып, жұмыс жасауда. Ал, жасанды дем беретін ИВЛ апараттары жетпеуіне байланысты 50 ИВЛ аппарат алынатын болады. Жалпы есеппен 1662 медициналық құрал-жабдықтар алуға республикалық бюджеттен 4,9 млрд теңгеге өтінім ұсынылған.

Өңірде короновирус инфекциясымен күресуге жалпы 2,3 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінген.  Сондай-ақ, ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес  2585 медицина қызметкеріне 762,4 млн тг. үстем ақы төленді. Ал, көрші мемлекеттерден дәрі-дәрімек әкелуге 700 млн. қаражат бөлінген. Өңір бойынша дәріханаларды тексеретін 43 мониторлық топ құрылған. Олар 200-ден астам дәріханаларды тексеріп, 50-нен астамына шара қолданылған.

Сондай-ақ, облыста қатаң шектеу шаралары жүргізілді. Қоғамдық көліктің, жабық базарлар мен азық түлік және дүкендердің қоғамдық тамақтану және басқа да кәсіпкерлік нысандардың жұмысына шектеу қойылды. Бекітілген алгоритмге сәйкес Тараз қаласы мен аудандардың барлығында 43 мониторингілеу топтары құрылды. Атап айтқанда, Тараз- 11,  Байзақ- 3, Жамбыл-2,  Жуалы-2,  Қордай-4,  Шу-5,  Меркі-2,  Мойынқұм -3, Тұрар Рысқұлов- 5, Сарысу -2, Талас- 4. Мониторингілеу топтарының тарапынан 2050 нысанға тексеру жүргізілген. Тексерулер барысында 340 нысанда карантин тадаптарының сақталмауы анықталды. Оның ішінде 235 нысанға ескерту берілген. 75 нысанға айыппұл салу туралы хаттама толтырылып, сотқа жолданған. 30 нысан жабылған. Сотқа жолданған хаттамалар бойынша 12 нысанға 1,7 млн теңгеге айыппұл салынды.

Айта кетейік, соңғы 7 күнде науқастырдың өсімі  414 адамды құрады және олардың басым бөлігі  260 адам Тараз қаласында тіркеліп отыр.

Сондай-ақ облыс әкімі әлеуметтік желілерде жалған ақпарат, өсек таратуды тоқтатып, күмәндар, сұрақтар болса ресми мемлекеттік органдардан сұрау керектігін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.