«Бұл екінші толқын емес»: дәрігер Қазақстандағы коронавирус эпидемиясы туралы айтты

0 15

Ресейдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев Қазақстандағы екі күндік жұмыстың қорытындысы бойынша қауіпті індетті қашан жеңуге болатынын айтты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA  Sputnik Қазақстанға сілтеме беріп.

— Қазақстан наурыз айында төтенше жағдай режимін және қатаң карантин шараларын енгізді. Коронавирустың өршуі неден пайда болды?

Әріптестерімнің әрекетін дұрыс немесе қате деп бағалай алмаймын. Қазақстанда дәрігерлердің деңгейі жоғары. Ұйымдастыру үдерісі зардап шегіп жатыр, бірақ барлық жерде олай емес.

Ауруханаларда таза және лас аймақтарды шектеу тиісті дәрежеде сақталмаған. Науқастардың қозғалысымен басқа жерге ауыстыру кезінде логистикада ерекшелік бар. Жалпы жаңа денсаулық сақтау басшылығы бұл мәселелерді білетінін көріп отырмын. Алексей Цой мен оның орынбасарлары мұны толық түсініп, шешіп жатыр.

Вирустың өршуі, ең алдымен, бастапқыда енгізілген шектеулердің ерте алынып тасталуымен байланысты. Шектеу шараларының барлығы коронавирус инфекциясының таралуын созу үшін жасалды. Бір мезгілде медицинаға, стационарлар мен емханаларға, дәріханаларға салмақ түспеуі үшін қабылданды.
Шамасы, бұл кезеңде сақтық шаралары сақталмады, барлық режим, шектеу жеңілдетілді.

— Қазақстанда екінші толқын уақытынан бұрын басталды ма?

Мұны екінші толқын деп атауға болмайды. Бұл әлі де болса бірінші толқын. Біз халықты иммундау аяқталғанша, аурудың әріқарай тарай беретінін түсінуіміз керек.Оны иммундау немесе фармацевтика тоқтата алады. Яғни, бұл вирусты емдейтін вакцина немесе препараттар тоқтатады.

— Ресей тәжірибесі Қазақстанға нені үйрете алады?

Пандемияның барлық ел үшін жаңа тәжірибе екенін түсіну қажет. Бұған ешкім алдын ала дайын болған жоқ. Біз де мұның бәрін бірден білген жоқпыз. Осы жолдан өтіп, қандай да нәтиже болғаннан кейін айтып отырмыз.

Ресей Шереметьевода алғаш өз тұрғындары мен шетелдік туристерде инфекция табылған сәттен бастап күресті қолға алды. Мәскеудегі өршулер және басқа да аймақтар бойынша тәжірибе бар, төсек-орын ашу, оттегі және жасанды тыныс алу аппаратымен жабдықтау, емдеуді таңдау жолынан өтті. Бізде емдеу хаттамасы жеті рет өзгерді, Қазақстанда 10 рет ауысты. Демек, Қазақстанда да үдеріс бір орында тұрған жоқ, адамдар жұмыс істеп жатыр.

— Ресей мен Қазақстандағы емдеухаттамалары қаншалықты ұқсас?

Емдеу хаттамалары бір-біріне ұқсас, алайда мерзім жағынан аздаған өзгеріс бар. Әлем бойынша хаттамалар бір-біріне ұқсас.

— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясын емдеу үшін гидроксихлорохин, лопинавир және ритонавирді сынақтан өткізуді тоқтатты, оларды тиімсіз деп атады. Бірақ бұл препараттар, атап айтқанда, гидроксихлорохин қазақстандық және ресейлік хаттамаларда да бар. Неге?

Расымен де, гидроксихлорохин бойынша сұрақтар туындап жатыр. Бірақ олар пандемия кейбір елде азайған кезде пайда болды. Бұл сұрақтар оны пайдалану барысында да қойылды.

Бұл дәрінің жанама әсері бар екенін, әсіресе, жүрек ырғағының бұзылуына әкелетін ауыр препарат екенін түсіну керек. Біз осыны түсініп, беру мөлшерін азайттық, қолдану көрсеткішін төмендеттік. Оны науқас жасын қатаң бақылау арқылы амбулаторлық кезеңде қолдануға ауыстырды. Бұл дәрі жастарға тағайындалатын болды. Соған қарамастан, біз оны хаттамада алып қалдық, себебі дәрінің тиімділігін көріп отырмыз.

Ал қазақстандық дәрігерлер бұл дәріні аурудың ерте кезеңінде тиімді екенін білгендіктен хаттамада қалдырды. Бұл аурудың пневмонияның ауыр түріне ауысып кетпеуі үшін қажет.

Қазақстанда жазда инфекция таралуы бәсеңдеп, әсіресе, ыстық елдімекендерде аурушаңдық азаяды деген болжам жасалды. Сыртқы факторлардың коронавирустың таралуына қандай да бір әсері бар ма?

Температура мен ауа райы вирустарға әсер етпейді. Иммунитеті қалыптаспаған, яғни инфекция жұқтырмаған адамдар бар кезде вирус та тарала береді.

Халықтың 60%-і инфекция жұқтырған кезде бұл вирусты тоқтатып, баяу таралуына әкелетін популяциялық иммунитет қалыптасады. Бұл жағдайда оларға міндетті түрде ауырып шығудың қажеті жоқ. Ол ауру белгілерінсіз де өтуі мүмкін. Ондай жағдайда ол әдеттегі ЖРВИ сияқты болады.

— Пандемиямен күрестің осы кезеңіне қарап қандай қорытынды жасауға болады?

Талдауды кейін жасаймыз, қазір адамдарды емдеп, өмірін құтқарып, әріқарай таралмауы үшін алдын алу қажет. Ауру азайған жағдайда да төсек қорының, жабдықтардың, дәрі-дәрмектердің және қорғаныс киімдерінің қорын сақтауға дайын болатын тұрақты денсаулық сақтау жүйесін қалыптастырып, байсалды түрде жұмыс істеу қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.