«Тараз» футбол клубының басшылығы ИВЛ аппаратын алып береді

0 12

Бүгін «Тараз» футбол клубының әкімшілік құрамы мен ойыншылары коронавирус жұқтырғандар мен пневмониямен ауырып жатқан жандарды емдеп жүрген инфекционды стационардағы 100 медицина маманына түскі асқа арнап тамақ пен жеміс-жидек жеткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Сонымен қатар, «Тараз» футбол клубының басшылығы шетелден 5 дана ИВЛ аппаратына тапсырыс беріліп қойғанын айтты. Алдағы уақытта жеткізілмек. Айта кету керек, футбол клубының қызметкерлері мен футболшылары өздерінің жеке қаражаты есебінен демеушілік танытты.

Қауіпті инфекциямен күресте ерлік танытып, алғы шепте жүрген дәрігерлерге деген шынайы құрметімізді білдіргіміз келеді. Бастысы ол жандарға рухани демеу көрсету. Біз, қарапайым азаматтар дәрігерлермен бірге екенімізді, олардың ісі ерлікке пара-пар екенін көрсету, — дейді клуб басшысы Талғат Тұрлыбайұлы.

Бұл игі іс Жамбыл облысы әкімдігі мен дене шынықтыру және спорт басқармасының үгіт насихат жұмысының нәтижесі.

Еске салайық, пандемия кезеңінде бүгінде Жамбыл облысында үш дәрігер пневмониямен ауырып, қайтыс болды. Футбол клубы қайтыс болған медицина қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына қайғысына ортақ болып, көңіл айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.