Алексей Цой алғашқылардың бірі болып тұмауға қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды zhambylnews.kz порталы.
Оның айтуынша, ол екпені жыл сайын алып келеді. Тұмауға қарсы вакцина болғандықтан, ауру жеңіл өтеді. Сонымен қатар, министр барлық медицина қызметкерлері вакцина алуға міндетті екенін атап өтті.
Биыл COVID-19-ға байланысты аталмыш вакцинаны салу әдеттегіден екі апта ерте басталды. Оқушылар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы бар және 60 жастан асқан жандар вакцинаны тегін алады. Басқа азаматтарға екпе ақылы болады. Бағасы — 2 500-4 000 теңге.
«Кішкентай балаға 6 ай болғанда екпе сала беруге болады. Бұл екпе қауіпсіз, себебі біз оның сапасы мен қауіпсіздігін толық тексердік. Сонымен қатар, біз бұл вакцинаны алғаш рет қолданып отырған жоқпыз. Бұған дейін де азаматтар бұл вакцинаны алды», — деді Цой.