Шымкент әуежайы сатылымға шығарылды

0 2

Шымкент қаласының әуежайы сатылымға шығарылды. Мұндай ақпарат электронды сауда алаңында пайда болды.

Еліміздегі үшінші мегаполистің әуежайы 5 234 000 000 теңгеге бағаланып отыр. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 8 қазанда аяқталады. 

Нысанның сатылымы қазіргі нарықтық баға бойынша сату-сатып алу келісімшарты арқылы іске асырылады,-делінген сайтта.

Сатып алушыға жүктелетін шарттар қатарында – кем дегенде алты миллиард инвестиция салу, шығынсыз қызметті қамтамасыз етіп, 2021 жылдан бастап жылына 150 миллион теңге табыс әкеду, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтап, жаңа жұмыс орнын құру бар. 

Қазір «Шымкент Әуежайы» АҚ-да 537 адам жұмыс істейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.