Жамбыл ауданында 11 нысанның құрылысы жүргізілуде

0 7

Жамбыл аудынында өнеркәсіп өнімдері 0,3%-ға  артығымен орындалып, негізгі капиталға салынған инвестиция 3,0 млрд. теңгеге өскен. Ал, 67,4 млрд. теңгенің 11 жобасы іске асырылады. Бұл туралы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте аудан әкімі Сәкен Арубаев айтты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Ауданда «Жамбыл Ет MS» ЖШС – мал бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде. Жоба құны – 1,5 млрд. теңгені құрайды. Дәл осындай «Көкжиек 2030» ЖШС – сүт фермасының құрылысы бой көтеруде.(жоба құны — 1,5 млрд. теңге). Бұған қоса, «Алель Агро» ЖШС – құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде. Жалпы құны 2,5 млрд. теңгені құраса, дәл осындай «Аса-Даму» ЖШС – құс фабрикасының 4 корпусының құрылысы бастау алды  (150-180 млн. теңге).

Сондай-ақ, аймақта «Good Look» ЖШС – тауарлы сүт фермасының құрылысы жүргізілуде. Жоба құны 2,5 млрд. теңгені құрайды.

Ауданда жылыжайлар көптеп бой көтеруде. Оның ішінде құны 2,5 млрд. теңгені «Денвер-Т» ЖШС – жылыжай кешенінің құрылысы және жобалық құны 15 млрд. теңгені құрайтын «Тараз» ӘКК және «Далаагро» ЖШС — жылыжай кешенінің құрылысы қарқын алды.

Сонымен қатар аймақта «КазФос» ЖШС – натрид гексаметофосфатын өндіретін желісін кеңейту  барысында құрылыс жүргізілуде. Бұған қоса, жобалық құндары 20 млрд. теңгені құрайтын «Shell» ЖШС — күн электрстанциясының құрылысы мен «Тараз Мұнай Өнімдері» ЖШС – сұйыт.  газ шығаратын зауыт құрылысы бой көтеруде.

Бұған дейін «Super pharm» ЖШСбірреттік медициналық шприцтер шығаратынын айтқан болатынбыз. Қазірде сол шприцтерді шығаруға арналған 3 корпустың құрылысы жүргізілуде.

Аудан басшысының сөзіне сүйенсек, «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 1,9 млрд. теңгеге 19 жоба қаржыландырылған екен  (995 млн.  медициналық бұйымдар өндірісі бойынша 1 жоба, 30 млн. жемістерді кептіру цехы бойынша 1 жоба, 936,5 млн. мал шаруашылығын дамыту бойынша 17 жоба). Бұдан бөлек, 25 млн. 1 жобаның құжаттары қаралуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.