Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін

0 8

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамынша, коронавирус пандемиясының екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл туралы министр Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды zhambylnews.kz порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме беріп. 

Министр қатаң карантин енгізілген жағдайда, 4 миллионға жуық адам жұмыс орнын сақтап қалатынын айтты. 2,5 миллионға тарта қазақстандық қашықтан жұмыс істеуге көшеді.

«Тағы 2 миллион азаматтың жұмыс уақыты қысқарады. Біздің сарапшылардың бағалауынша, егер өткен жолғыдай қатаң карантин болса, 160 мыңға жуық адам жұмыстан шығып, жұмыссыз қалуы мүмкін», — деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, ресми статистикаға сүйенсек, бүгінде жұмыссыздық деңгейі 5%-ті құрап отыр. Бұл шамамен 454 мың адам. Егер сәуір-мамырдағыдай шектеу шаралары қатаңдатылса, онда жұмыссыздық 6%-ке жетуі мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.