Мәскеудегі кеңестің нәтижесі бойынша Армения мен Әзербайжан тұтқындар мен қаза болғандардың денесін алмасу мақтасында 10 қазан 12:00-де Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату туралы келісімге келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген zhambylnews.kz.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ортақ мәлімдеменің мәтінің оқып берді деп жазады ТАСС.
«Халықаралық Қызыл Крест комитетінің талаптарына сәйкес, гуманитарлық мақсатта әскери тұтқындар мен және өзге де тұтқындағы тұлғаларды, қаза болғандардың денесін алмасу үшін 10 қазан 12:00-де атысты тоқтау келісілді», — дейді Сергей Лавров.
Құжатта бұл Ресей президенті Владимира Путиннің мәлімдемесіне жауап ретінде үш мемлекеттің яғни Ресей, Армения және Әзербайжан басшыларының келісуі арқылы қабылданғаны айтылған. Атысты тоқтау келісіміне қосымша тараптар, Таулы Қарабақтағы жағдайдың бейбіт жолмен тез арада шешу үшін субстантивті келіссөздерді бастауға келіскен.
Сонымен қатар Таулы Қарабақ астанасында татуласауға байланысты келіссөздер аясында түн тыныш өткені, бірнеше күннен бері алғаш рет құлаған снарядтардың, сиренаның дауысы естілмегені белгілі болды.
Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлерін Таулы Қарабақтағы жанжал бойынша Мәскеуге кеңесуге шақырған болатын.
Кейін Ресей көшбасшысының ұсынасына екі тарапта өз келісімін берген. Жұма күні Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлері Мәскеуге келген. Үш елдің (Ресей, Әзербайжан, Армения) арасындағы келіссөз 10 сағатқа созылған.