Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Снежана Имашева Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер талқылады, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
ZOOM платформасында өткен кездесу барысында тұрғындарды толғандырған мәселелер қатарында жолдың күрделі жөндеу көрмеуі, ауыз су да шешімін тапса деген ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар елді-мекендерге жоғары жылдамдықтағы интернет желісі керек екендігі де қозғалды.
Халықтың үніне құлақ түрген мәжіліс депутаты «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытында облыста алдағы бес жылда 801 шақырым жолдың сапасын кезең-кезеңімен жақсарту, 120 ауылда сумен жабдықтау нысандарының құрылысын жүргізу, 80 ауылды интернетпен қамтамасыз ету көзделгендігін айтты.