Франция президенті Самарқандта

0 13

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Франция Республикасының Президенті Эмманюэль Макрон 1 қарашада Өзбекстанға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Kazinform UzA агенттігіне сілтеме жасап.

Эммануюль Макрон Өзбекстан Республикасының Президентімен бірге түнгі Самарқандты аралады.

Мемлекет басшылары ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Регистан кешенінде болды.

Жоғары мәртебелі мейманға Шығыс сәулет өнерінің бұл жауһарының құрылыс тарихы, қайталанбас нақыштары, атақты оқиғалар мен осы жерге қатысты тұлғалар туралы мәлімет берілді.

Франция Президентінің сапарының Самарқандта өтуі және Регистаннан бастау алуы кездейсоқ емес. Екі халықтың тарихын бейнелейтін тұстары көп.

Әсіресе, атақты қолбасшы Әмір Темір сауда мен ғылымның қамқоршысы ретінде Азия мен Еуропада болып жатқан тарихи өзгерістерге үлкен әсер еткен. XV ғасырда Парижде оның құрметіне «Еуропаны азат етушіге» деп аталатын ескерткіш орнатылған. Әмір Темір мен Франция королі Карл VI бір-біріне хат жолдап, байланыс орнатқан. Саяси мәселелермен қатар сауда-экономикалық қарым-қатынастарға да үлкен көңіл бөлінген.

Тимурилер туралы Францияда көптеген ғылыми және көркем шығармалар жарық көрген. Мысалы, француз ойшылы, жазушысы Вольтердің шығармасындағы Мирзо Ұлықбек туралы, ал әйгілі жазушы Жюль Верннің романында Регистон туралы жазбалар бар.
Сол алаңға келген француз делегациясына кешеннің сән-салтанаты мен әсемдігі жағымды әсер қалдырды.

Бұдан кейін Президенттер «Ұлы Жібек жолы» халықаралық туристік орталығындағы “Боқий шаһар” тарихи-этнографиялық кешенінде болды.

Самарқанд қаласы әлемдік өркениеттің көне бесігі болып, бүгінде халықаралық саммит пен туризм орталығына айналып отырғаны айтылды. Қонақтарға өзбек халқының бірегей өнері, қолөнері және музыкалық мәдениеті көрсетілді.

Сапардың негізгі бөлігі, оның ішінде жоғары деңгейдегі келіссөздер 2 қарашада өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.