Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты Сауд Арабиясында өтеді

0 14

Халықаралық футбол федерациясының басшысы Джанни Инфантино әлеуметтік желісінде футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатының финалдық сатысы Сауд Арабиясында өтетінін жазды, деп хабарлайды Kazinform.

«Футбол басқа спорт түрлері сияқты әлемді біріктіреді. Әлем чемпионаты — бірлік пен инклюзивтілік идеясының тамаша көрінісі», — деді Джанни Инфантино.

Бұдан бұрын Аустралия 2034 жылғы әлем чемпионаты финалдық сатысын өткізуге байланысты өтінімінен бас тартқан болатын. Нәтижесінде Сауд Арабиясы дүбірлі доп додасын өткізуге өтініш білдірген жалғыз ел болды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада, Мексика елдерінде өтеді. Ал 2030 жылғы әлем чемпионатының алғашқы үш ойыны Уругвай, Парагвай және Аргентинада басталса, қалғаны Испания, Португалия және Мароккода болады.

Еске салсақ, 2022 жылы әлем чемпионаты Катарда өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.