Ресей олигархы санкцияны айналып өтіп, Қазақстан арқылы ұшақ сатып алған жоқ — комитет

0 21

Көлік министрлігі бірқатар ақпарат құралында жарияланған мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Kazinform Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, кей ақпарат көздерінде ресейлік олигарх санкцияны айналып өтіп, Қазақстан арқылы жеке ұшақ сатып алғаны жөнінде жаңалықтар жарияланды.

Онда миллиардердің қазақстандық тасымалдаушы Irtysh Air арқылы Falcon 7X бизнес джетін 36 млн долларға сатып алғаны айтылады.

Дегенмен ҚР Көлік министрлігі бұл хабардың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

«Әуе кемесінің бұл түрі бұрын-соңды Қазақстан азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде болмаған. Қазіргі уақытта Irtysh Air әуе компаниясының азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы ретінде қолданыстағы сертификаты да жоқ және 10 жылға жуық уақыттан бері ұшпаған. Әуе компаниясы әуе кемесінің бұл түрін ешқашан пайдаланбаған» деп мәлімдеді министрлікке қарасты Азаматтық авиация комитеті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.