Индонезияда сел жүріп, 5 мың адам жапа шекті

0 1

Толассыз жауған жауын-шашын салдарынан Индонезияның Батыс Ява аралында сел жүріп, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі interfax.ru сайтына сілтеме жасап.

Дәл қазір полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар із-түссіз жоғалған төрт азаматты іздестіріп жатыр. Бұдан өзге Индонезия астанасында болған сел салдарынан 5 мыңға жуық адам жапа шекті. Джакарта арқылы өтетін Чиливунг өзенінің суы өз деңгейінен көтерілген.

Джакарта губернаторы Аниес Басведан астанадағы бірнеше мың тұрғынның қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлады. Кей тұрғын өздерінің үйлерінде қалуды жөн көрді.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.