НАСА астрономдары суы бар планеталарды тапты

0 1

«Хаббл» мен «Спитцер» телескоптары Жерден алыста орналасқан WASP-39b планетасынан судың мол қорын анықтаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Astronomical Journal басылымына сілтеме жасап.

«Күн жүйесіндегі экзопланеталар басқа аспан денелеріне ұқсамауы мүмкін. Біздің жорамалымыз бойынша, WASP-39b планетасына ұқсас ерекше объектілерді табу, бізге планеталардың қалай пайда болып, дамитынын білуге мүмкіндік береді», — дейді Эксетер (Ұлыбритания) университетінің ғылыми қызметкеркері Дэвид Синг.

Соңғы екі жылда ғалымдар жерге ұсқас бірнеше планетаны анықтапты.

Бірінші планета жерге жақын орналасқан Центавр Проксимасы жұлдызының арасынан табылған. Ал қалған үш планета Суқұйғыш шоқжұлдызы тобына кіретін TRAPPIST-1 жұлдыздар жүйесінен анықталған. Мұнда жерге ұқсас 7 планета бар екен. «Хаббл» телескопындағы алынған мәліметтерге сәйкес, TRAPPIST-1 жұлдыздар жүйесіндегі атмосферада ылғал бар екені белгілі болған. Бұл аталған ғаламшарларда «тіршілік бар» деп жорамалға жасау мүмкіндігін арттырады.

Эксетер университетінің ғылыми қызметкеркері Дэвид Синг пен оның әріптестері судың мол қоры жерге ұқсас планеталарда ғана емес, Сатурн, Юпитер мен Күн жүйесіндегі көлемі үлкен ғаламшарларда да болуы мүмкін екенін анықтаған.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.