Жамбыл облысында этномәдени бірлестік өкілдеріне гранттар тапсырылды

0 8

Бүгін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев этномәдени бірлестікөкілдерімен кездесіп, салтанаттытүрдемарапаттады. Сондай-ақ бірлестік төрағаларына гранттар тапсырды. Кездесу барысында сөз алған өңір басшысы этномәдени бірлестіктер жұмыстарының қорытындысына оң бағасын беріп, келе жатқан жаңа – 2018 жылмен құттықтады.

— Құрметті ассамблея мүшелері!

Құрметті қонақтар!

2017 жыл қазақстандықтар үшін ерекше табысты жыл болды.

Астана төрінде әлемді өзіне қаратқан бірнеше ірі халықаралық іс-шаралар өтті.

Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің озық үлгісін барша әлем мойындады. Елордамыз әлемде бейбітшілік орнату жолындағы келісім алаңы ретінде тағы да танылды.

Мемлекет Басшысының биылғы сапары барысында 80-нен астам этнос өкілі мекендейтін аймақтағы келісім мен бірлік жарасымы тағы да паш етілді, — деді Кәрім Көкірекбаев.

 Сонымен қатар, ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Төлепберген Мейрамбек және Шу ауданы «Насими» азербайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Мухаметжанова Гульханум марапатталды.

Өз кезегінде Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен, гуманистік мұраттарға дәйекті қызмет етіп, қоғамның рухани дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен белсенді этномәдени бірлестік өкілдері мараппатталды.

Кездесу соңы естелік суретке түсу рәсімімен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.