Бүгін Шу ауданында 30 тамыз — Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне орай «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет — өркендеген мемлекет!» атты аудан жастары арасында қыл — қалам шеберлері байқауы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Шара Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің ұйымдастыруымен өтіп отыр.
Байқау қорытындысы бойынша, жүлделі 1 орынды Арай Қораласбаева, 2 орынды Мейірлан Сегізбай , 3 орынды Альфия Донаева иеленді. Жеңімпаз атанған жастарға арнайы дипломдар және естелік сыйлықтары табыс етілді.