Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай, балаларға арналған іс-шаралар жоспарлы түрде өтіп жатыр. Түрлі деңгейдегі білім бәйгелерінде бақ сынап, үздік атанған оқушыларға Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев құрмет көрсетті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Аудан әкімі республикалық және облыстық олимпиадаларда, халықаралық байқауларда үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі орындарға ие болған оқушыларды жеке-жеке марапаттап, сый-сияпаттар табыс етті.
«Өскелең ұрпақ – елдің болашағы, ұлттың жалғасы. Сол себепті оқушылардың одан әрі қанаттанып, алға қарай ұмтылуы үшін оларға әрдайым қолдау білдіруіміз қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл бойы жалғасатын табатын болады, — деді Сәкен Арубаев.