Төреби Жексембек Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің үздік қызметкері атанды

0 141

Тараз қаласындағы «Достық» үйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат  министрлігінің  ұйымдастыруымен мәдениет және өнер қызметкерлерінің «Рухани қазына-2023» фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай облыстық іріктеу кезеңінде алдымен сөз алып, фестивальге қатысушыларға сәттілік тіледі.

Облыстық іріктеу кезеңінде Мойынқұм, Қордай, Шу, Талас, Меркі  тағы басқа да облыс аудандарындағы музей, кітапхана, мәдениет үйі қызметкерлері креативті жобалары мен арнайы жұмыстарын байқау ережесіне сай қорғады.

Аталмыш фестивальдің нәтижесінде  Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің үздік қызметкері номинациясы бойынша Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің әртісі Төреби Жексембек үздік деп танылып, республикалық кезеңге жолдама алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.