Мойынқұмда «Қазақ елі — менің Отаным!» атты тақырыпта салтанатты жиын өтті

0 48

25 қазан — Республика күні ұлттық мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінің мәжіліс залында «Қазақ елі — менің Отаным!» атты тақырыпта салтанатты жиын өтті.


Жиын басталмас бұрын Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, мемлекеттік Туы сахна төріне көтерілді.
Салтанатты жиынның ашылуында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Ә.Балқыбеков баянды болашаққа бет бұрған Тәуелсіз Қазақстан Республикасы 1990 жылдың 25 қазан күні тәуелсіз ел ретінде жаңа парақтарын бастағанын айтып, 13 жылдан соң қайта тойланып жатқан Республика күні ұлттық мерекесімен аудан тұрғындарын құттықтады. Содан кейін «Мойынқұм Мубарак» Қоғамдық Қайырымдылық Қорының төрағасы Ж.Мырзабайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрінің «Алғыс хатымен», ал «Тәуекел» шаруақожалығының жетекшісі С.Асыловты Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен наградтады.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін және 25 қазан — Республика күні ұлттық мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары С. Төлегеновпен қатар «Көшербаев» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Т. Көшербаев Жамбыл облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Бұдан бөлек ауданның экономикалық дамуына үлесін қосқан 7 азаматқа «Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы» атағы мен бірнеше азаматқа «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табыс етілді.
Салтанатты жиын барысында Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.Сұлтанбаев арнайы келіп құттықтау сөз сөйлеп, аудан басшысы Әлихан Әбіләшұлына «Шу ауданының Құрметті азаматы» атағын табыс етіп, шапан жапты.
Сонымен қатар Орман шаруашылығы, Құтқарушылар, Кітапханашылар, Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай бірқатар аудан тұрғындары аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды.
Жиын соңы аудандық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.