Аудан бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі қаңтар-қыркүйек айларында 14379 шаршы метрді құрап, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 101,4%-ға немесе 193 шаршы метрге артық орындалды. Бұл туралы аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков мәілімдеді.
Ағымдағы кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 7 млрд. 664 млн. 400 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,3%-ға немесе 898,9 млн.теңгеге азайған. Алайда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі артқан. Мәселен, Қаратау қаласы 3 мөлтек аудандағы №5 жатақхана мен №6 жатақхана ғимараттарын қайта жаңғыртуға 636,1 млн.теңге, олардың инженерлік-инфрақұрымын қайта жаңғыртуға 91,8 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Қаратау қаласы Б.Момышұлы көшесі №17 үйді қайта жаңғыртуға, және оның инженерлік инфрақұрылымын жүргізуге жергілікті бюджеттен бөлінген.
Қаратау қаласында 2 көпқабатты тұрғын үйлерді дайын күйінде сатып алуға республикалық бюджеттен 1 млрд. 785,0 млн. теңге бөлінді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 45 маманға көтерме жәрдемақыға 15 млн.525 мың теңге қарастырылыпты.
Тұрғын үй сатып алуға 10 маманға 51 млн. 750 мың теңге берілсе, ағымдағы уақыт аралығында 12 маманға 51 млн. 750 мың теңге бюджеттік несие берілді. Қаражатқа қол жеткізгендердің 2-еуі білім, 4-еуі ветеринария, 1-еуі әлеуметтік қамсыздандыру, 2 маман мәдениет, 3 маман мемлекеттік қызметші.
Сондай- ақ ауданда «Асарлатып үй салу» жоба аясында 2023 жылы 9 үй жоспарланып, қазіргі таңда Аққұм ауылында-1, Ақкөл ауылында-1 және Қаратау қаласында 1, барлығы 3 тұрғын үйлер мұқтаж отбасыларға табысталды.