Жамбыл ауданында Конституцияға енгізілетін өзгерістер түсіндірілді

0 15

Жамбыл ауданында Конституцияға енгізілетін өзгерістер түсіндірілді — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Ел Президенасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында мемлекеттегі саяси жүйенің реформаланатын айтқан болатын. Осыған орай арнайы бейнеүндеу жолдап, 5 маусымда ел тарихында екінші рет референдум өткізілетінін мәлімдеді. Қазіргі таңда алда өтетін маңызды шараға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Жамбыл ауданына қарасты Аса ауылында өткен кездесуде жан-жақты сөз болды. Жиынға аудандық қоғамдық штабтың мүшелері Сансызбай Махамбетқұлов, Рахымбек Жапаров, Фархад Балажанов дүйсенбі күні Аса ауылындағы «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығы», аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, №1 орта мектеп қызметкерлері қатысты.

Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жалпыхалықтық референдумда қабылданатынын айтып, тиісті Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Әлемдік геосаяси жағдай ушығып тұрған қазіргі кезеңде ұлттық тұтастық, мемлекеттік бірлік қажет. «Жаңа Қазақстанды» құрудағы алғашқы қадам референдум арқылы қабылданбақ. Бұл – еліміздің қайта қалып¬ тасуы мен дамуына дер кезінде жасалған қадам. Конституцияға енгізілетін өзгерістер ел өміріне, мемлекеттің дамуына әсер етеді. Түзетулерге сәйкес Парламенттің рөлі күшейтіледі, сондай-ақ басқарудың жаңа жүйесі қалыптасатын болады. Ендігі кезекте ел азаматтары саяси науқандарға белсене қатысып қана қоймай, мемлекеттік маңызға ие істе нақты азаматтық позициясын білдіре алады. Осы және өзге де жайттар бүгінгі жиынның арқауына айналды:

Бұл референдум әрбір азаматқа өзінің пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Конституцияға енетін өзгерістер бір адаммен немесе депутаттармен емес, халықтың қалауымен бекітіледі. Ел тұрғындары мемлекетті басқару ісіне араласып, көкейде жүрген түйткілдерді ортаға салады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының көздегені де сол. Осылайша, Конституцияның үштен бір бөлігіне өзгерістер енгізілетін болады, деді Сансызбай Бертайұлы.

Сондай-ақ ол, суперпрезиденттік басқару формасынан түпкілікті бас тарту, Президент туыстарының квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік қызметте басшылыққа тағайындалмайтындығы жөніндегі өзгертулерге кеңінен түсініктеме берді. Сонымен қатар штаб мүшелері қоғамдық-саяси саладағы өзгерістер экономиканың дамуына, халықтың тұрмысының жақсаруына әсер ететінін айтып, мекеме-ұйым қызметкерлерінің ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды кезеңде белсенділік танытуы азаматтық ұстанымының дұрыстығын дәлелдейтінін, олар өз тарапынан жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдайтынына және Жаңа Қазақстан құруға үн қосатынына сенім білдірді. Мекеме-ұйым қызметкерлері де өз ойларын ортаға салып, жалпыхалықтық референдумның өткізілуін қолдайтынын, саяси реформа еліміздің дамуына жаңа серпін беретінін тілге тиек етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.