Кеңседе көп отыру өміріңізге қауіпті

0 115

Бір жерде қозғалыссыз көп отыру ерте өлім қаупін арттырады. Мұндай ойды Колумбия университетінің зерттеуші мамандары айтты. Бір орында көп отыру салты мен мезгілсіз өлім-жітім арасындағы байланысты түсіну үшін олар төрт жыл бойы 45 жастан асқан 8 000 адамның әдеттерін бақылаған. Қандай да бір өзгерісті байқау үшін зерттеушілер қатысушылардың белдеріне арнайы акселерометрлерді байлаған. 

Нәтижесінде олар 16 сағаттың (ұйқыға кететін 7-8 сағатты есептемегенде) 12 сағатын кеңседе өткізеді екен. «Адамның жасына қарай физиологиялық және психикалық функциялары нашарлағанда, біз көбірек отырамыз» дейді зерттеу басты авторы кардиолог Кит Диаз (Keith Diaz). Бұл өз кезегінде өлім қаупін арттырады.

Егер адам күніне кеңседе (жұмыста) 13 сағаттан артық отырса, ерте өлу қаупі 2 есеге артады. Алайда, ғалымдар мынадай 2 ерекшелікті айтты: күнделікті жалпы уақыт пен жұмыста отыру уақыты бар. Егер 30 минутқа жеткізбей тұрып, жиі қозғалыс жасасаңыз ерте өлім қаупі 55%-ға төмендейді. Сол себепті де Диаз әр жерде жарты сағат сайын үзіліс жасауға кеңес береді. 5 минутқа сыртқа шығып жүріңіз немесе жүгіріңіз. Ең бастысы дене қимылын жасауды, үнемі қозғалыста болуды ұмытпаңыз!

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.